Family unrecorded

Құдалық

Құдалық – ұл әкесінің қыз әкесімен құда болуы; ұл әкесінің баласына қыз айттырып келін түсіруі, ал қыз әкесінің қыз ұзатып, күйеуге беру салты.

No licensed photograph yet
Four in five rooms open without one. Add a photograph with a declared licence and your credit sits under it, permanently.
Archival typographic plate · seeded for Құдалық+ Add licensed photo →
Understand in 30 Seconds · In Plain Words

Quick guide to Құдалық

Sourced or Silent · CC BY-SA 4.0

Құдалық – ұл әкесінің қыз әкесімен құда болуы; ұл әкесінің баласына қыз айттырып келін түсіруі, ал қыз әкесінің қыз ұзатып, күйеуге беру салты.

01 · What it is
Living Tradition

Documented cultural tradition on record; family classification awaits an editor.

02 · Where & name
Geography awaiting source

Add a cited source naming the region or community that carries it.

03 · How it is doing
□□□□ (Not yet assessed)

Documented in open cultural records, but no cited field assessment of its current vitality has been added here yet.

04 · Proof & reuse
2 cited sources

Every claim links to a public record below. Free to quote, teach, and share under CC BY-SA 4.0.

Chapter Takeaways
Құдалық құрылымыҚұдалық – этномәдени кеңістіктегі құрылымы күрделі институт.
Құдалықтың мақсатыҚұдалықтың байырғы қазақ салт-дәстүрінде мұраты біреу ғана болған: ұлды үйлендіріп, келін түсіру; қызды күйеуге беріп, құтты орнына қондыру.
Орындалатын ғұрыптарҚұдалық, құдаласу, құда түсу бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар, яғни құдаласу, құда түсу бірнеше актіден тұратын күрделі үрдіс болса, құдалық – солардың бір тиянаққа келгендегісі.
Қалың (қалыңмал) беру ғұрпыҚұдалық салтында қалың беру едәуір уақытқа созылатын үрдіс.
Common Questions Answered on Record
What is Құдалық in plain words?

Құдалық – ұл әкесінің қыз әкесімен құда болуы; ұл әкесінің баласына қыз айттырып келін түсіруі, ал қыз әкесінің қыз ұзатып, күйеуге беру салты.

Where is Құдалық practised or documented?

No verified geographic place has been linked on record yet — editors can add a cited place from the edit page.

What is the current condition of Құдалық today?

□□□□ (Not yet assessed): Documented in open cultural records, but no cited field assessment of its current vitality has been added here yet.

How do I cite or share this Құдалық entry?

Cite as: "Құдалық." folkroom, https://folkroom.org/art-forms/q19678098, text CC BY-SA, with attribution.

Share or cite this roomNo tracking · CC BY-SA 4.0
WhatsAppXLinkedInRedditFacebook

The tradition & historical record

5 min read · 2 sources

Құдалық – ұл әкесінің қыз әкесімен құда болуы; ұл әкесінің баласына қыз айттырып келін түсіруі, ал қыз әкесінің қыз ұзатып, күйеуге беру салты. 1

Құдалық құрылымы

Құдалық – этномәдени кеңістіктегі құрылымы күрделі институт. Құдалықтың құрылымы бірінен соң бірі болып жататын бірнеше ғұрыптардан, ғұрыптар әртүрлі атқарылатын жол-жоралғылардан тұрады, ал жол-жоралғыларда берілетін әрқилы кәделер болады. Құдалықта атқарылатын ғұрыптар мен жол-жоралғылар, берілетін кәде-сыйларды құдаласушы екі жақтың, қыз бен жігіттің араларындағы материалдық, құқықтық, этикалық қарым-қатынасты реттеуде айрықша қызмет атқарған. Әдетте, ұл өсіріп отырған әке қазақы дәстүрде баланың ішіп-жемі мен киім-кешегінен басқа төрт парызын өтеуге тырысады. Біріншісі, баланы сүндетке отырғызып, сүндет атын беру; екінші, сауатын аштыру; үшінші, қалыңмалын беріп үйлендіру; төртіншісі үй тігіп, еншісін беріп бөлек шығару. Әз Тәуке заманында белгіленген заң бойынша әке баласын 15-тен, ал қызын 16 жастан асқанда некелестіре алады екен. Алайда, ата-ана құдалық қамын бұдан да ертерек ойластыра бастаған. 1

Құдалықтың мақсаты

Құдалықтың байырғы қазақ салт-дәстүрінде мұраты біреу ғана болған: ұлды үйлендіріп, келін түсіру; қызды күйеуге беріп, құтты орнына қондыру. Алайда құдалықтың мұраты біреу ғана болғанымен мақсаты әртүрлі: қызының материалдық мұқтаждықта болмауы; қалыңмалды көбірек алу (өйткені екінші, үшінші, төртінші ұлын үйлендірудің қамын ойлайды); байырғыдан келе жатқан достамырлықты ендігі жерде құдатамыр болу арқылы жалғастыру; ежелден келе жатқан құдаластықты су сүзілмейді, сүйек үзілмейді деген қағида бойынша үзбей жалғастырып, сарысүйек құда болу; құдалықты жаңғыртып отыру; сүйек жаңғырту, яғни әйелі қайтыс болған күйеудің балдыз алуы құдалығы; немере сүйіп (жас иіс көріп) қызық көру т.б. ықпалды румен тұрғалас құдалықта болып, туыстық қатынас орнату. Бұл жерде ру, тайпа деңгейіндегі аса дәулетті, ықпалды адамдардың әр басқа ру, тайпалардағы өзі тұрғылас адамдармен құда болу салты құр мақтан, атағын аспандату емес. Мұндай тұрғалас құдалықтың мақсатындағы саяси-әлеуметтік сипатты көрнекті педагог-ағартушы Ы. Алтынсарин былайша тереңінен таратып ашқан: «Даңқты қазақтар әрқашан өзінің баласына басқа бір рудан, тайпадан барып, өзіндей даңқты адамдардың қызын айттыруға тырысады, қазір де солай. Қазақ арасындағы аңызға қарағанда, қыз айттырудың мұндай тәртібі Есім ханның бұйрығы бойынша орнаған көрінеді. Қазақ қарттары мұндай тәртіпте алысты болжағандық бар екенін, өйткені, қазақ арасы тыныш болмаған кездерде оның халыққа пайда келтіргенін айтады. Шынында да, қазақтарға кейбір билердің ықпалының өте күштілігіне қарағанда, жауласып отырған рулардың өзара татуласуына себеп болды деуге болады. Қазақ арасында қазір берік орын теуіп отырған әдет, атап айтқанда, өзінің сегіз атадан жақын туысқандарының қызына үйленбеу әдеті, мүмкін, осы себептен болар». 1

Орындалатын ғұрыптар

Құдалық, құдаласу, құда түсу бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар, яғни құдаласу, құда түсу бірнеше актіден тұратын күрделі үрдіс болса, құдалық – солардың бір тиянаққа келгендегісі. Құдалықты бастау, әдетте, күйеу жігіт жақ тарапынан болады. Әр жақтың өзді-өзіне тән орындауға тиіс ғұрыптары, онда атқарылатын жол-жоралғылары, жол-жоралғыларда берілетін кәде-сыйлар болады. Олар: күйеу жігіт әкесі тарапынан орындалатын ғұрыптар – қыз айттыру, құда түсу, қалың беру, ұрын бару, қалыңдық ойнау, өлтірісін беру, құда шақыру (есік-төр көрсету тойы), келін түсіру тойы. Осы ғұрыптарда берілетін кәделер үш түрлі болады: 1) мінгізері – мінт; 2) кигізері – киіт; 3) ұстатары – сыйт. Ал, қыз әкесі тарапынан орындалатын ғұрыптарға – құдатүсер тойын өткізу, қыз жасауын беру, күйеу жігіт пен қалыңдықтың некесін қидыру, қыз ұзату тойын өткізу. Құдатүсер тойында құда қарсы алу, құда күту, құда аттандыру жоралғылары жасалады, ал кәделерге – киіт кигізу, мінт мінгізу, сыйт беру т.б. жатады. 1

Қалың (қалыңмал) беру ғұрпы

Құдалық салтында қалың беру едәуір уақытқа созылатын үрдіс. Жігіт әкесі берілетін қалыңды келісілген мөлшер бойынша үштен бірін, жартысын, болмаса төрттен бірін белгіленген уақыт бойынша беріп отырады. Дәулеті, тұрмысы жоғары адамдар да қалыңды бірден қыз әкесінің алдына салып айдатпайды. Құда түсуден кейін, шамамен бір-екі жыл өткен соң, күйеу жігіт қалыңмалдың ілу деп аталатын бөлігін алып келеді. Қыз әкесі әкелген ілуді жарамды деп тапса, күйеу жігіттің ауылдан бір шақырымдай жерге шатыр немесе үй тігіп, ұрын келіп жатуына рұқсат береді. Күйеу жігіттің қалыңдығымен кездесуге алғаш келуін ұрын келу дейді. Қалың беру тұрмыс күйі құбатөбел шаруалар үшін оңай бола бермейді. Бұндай материалдық қиындықтан шығу үшін кейбір адамдар ұлына 9-10 жастан бастап қыз айттырады. Жыл сайын қалыңның белгілі бір бөлігін қыз әкесіне беріп тұрады. Құдалық салт бойынша белгіленген қалың 12 жылға дейін яғни бір мүшел өткенше қыз әкесіне беріліп бітуге тиіс. Одан әрі уақытты созуға болмайды, өйткені қыз бойжетіп кетеді. Бойжеткен қызды күйеуге ұзатпай, ұстап отыру қыз балаға обал дей келіп, «қысырақ баққаннан да, қыз баққан қиын» (мәтел) дейді. Ал он екі жылдың ішінде қалыңын беріп біте алмаса, құдалықты үзбеу жағын қарастырып, қыз әкесі кіші қызын беруге келіседі. Қалың беру ғұрпында ақ батамен бекітілген уағдаластықтың негізі қалың берумен байланысты. Қалыңның келісілген бір бөлігін бергеннен кейін ғана күйеу жігіт қыздың ауылына ұрын келе алады, ұрын шайдан соң қалыңдық ойнау жоралғысын жасап, келіп-кетіп қалыңдық ойнау жоралғысында қыз жеңгелеріне кәде сый беріп тұрады. Тиісті қалыңын беріп болған соң ғана ұзату тойы жасалып, қалыңдық күйеу жұртына ұзатылады. Сонымен, бұдан қалың беру ғұрпының құдалық салтында айрықша мәні болғаны байқалады. 1

Құда түсу ғұрпы

Құдалық салтындағы құдаласу, құда түсу ғұрпы алдымен қыз көру жоралғысынан басталады. Көңілдеріне жаққан соң, жігіттің әкесі қыздың ата-анасына туыстығы бейтарап, жөн білетін адамды жаушы етіп жібереді. Қыз жақтың қарсы емесін, сұралатын қалыңмал мөлшерін шамалаған соң, жігіт жақ қыз айттыруға өз туыстарын жібереді. Қыз айттырушылар ақшалай немесе мал түрінде сырға салар кәдесін береді және құда түсуге қай шамада келетінін келісіп келеді. Бұдан кейін құда (жігіт әкесі) ауылдың беделді адамдары мен ақсақалдары, бетке ұстарларымен ақылдасып, кесімді үлкен кәделердің, яғни ілу, сүт ақы, той малы қандай көлемде болатынын, есік көруге кімдер баратынын шешеді. Құдалыққа баратын адамдардың құрамы: 1

үлкен шаңырақтан; құда-жегжаттан; елдің беделді адамынан; сөзге шешен, әдет-ғұрып, жөн-жосықты жақсы білетін адамнан құралады. сондай-ақ, айтыс ақыны, палуан, күлдіргі, атақты мешкей апаруы мүмкін. Мешкей апаратыны құдаларға тартылатын қайқайма құдатабақ, сол қайқайған түрінде қайтпай, сыпырып-сиырылған түрде қайтарылуы тиіс. Құдашылардың барлығы бір құдаға бағынып, оның айтқандарынан шықпайды. Құдалықта жанжал, төбелес шығып кетпеуге тиіс, онда құдалықтың шырқы бұзылады. Осыдан соң жігіт әкесі алдын-ала келісілген уақыт бойынша 10-15 адамнан құрылған туыстарын құда түсуге аттандырады немесе оларды өзі бастап барады. 1

The text above is adapted from the Wikipedia article “Құдалық”, available under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 licence. 1

Құдалық is recorded in open cultural data. The structured record cited below does not describe the practice, and this entry has not yet been reviewed by a person familiar with the tradition. 2

The source record links this tradition to 1 external register, which can be verified through the citation. 2

No recording linked yet — know one? Point at it →
Sources on Record
[1]Wikipedia: Құдалық · encyclopedia
Sourced or Silent · Still Open

Questions awaiting a cited source

+ Answer with a source →
How many people perform it today?
When is it first attested, and by whom?
What does it look like? No licensed photograph yet.