The tradition & historical record
2 min read · 1 sourceБақ-дәулет — дәстүрлі мәдениетте жеке адамның, ұжымның, қоғамның материалдық игілігі жөнінде түсініктер мен ұғымдар жүйесін қамтитын категория. Бақ пен дәулет туралы түсінік бір-бірімен өзара байланысты айтылып, байлық ұғымымен астасып жатады. Алайда байлық ұғымының мазмұн ауқымы кең: байлық тек заттық игіліктердің (мал, дүние-мүлік, қазына т.б), молшылығын ғана емес, денсаулық, ақыл, білім, өнер т.б. тәрізді абстракты ұғымдар жүйесін қамтиды. Этномэдени ұжымның когнитивтік санасында бақ, дәулет, бақ-дәулет ұғымы құс кейпінде метафораланып, бақ құсы, дәулет құсы деген орнитониммен объективтеледі. Қазақ мақал-мәтелінде «Бақ, керек десе, батпаққа да қонады», «Бақ пұшптың мұрнына да қонады»; «Бақ / дәулет құсы Қыдырдың (Қызырдың) көзі кездейсоқ түскен адамға да қонады» дейді. Бұдан бақтың, дәулеттің (бақ-дәулеттің) адам таңдамайтынын, тіпті кез-келген адамға қонатынын, үріксе, бастан ұшып кететін киелі нәрсе түрінде ұғынылғаны аңғарылады. Қазақтың бақ / дәулет туралы дүниетанымдық пайымдауын «Қыдыр, Бақ, Ақыл» туралы байырғы ертегіден айқын аңғаруға болады. Бірде «Қыдыр», «Бақ», «Ақыл» бірге жолаушылап келе жатып «қайсысының күшті» екеніне таласып қалады. Сөйтіп, жер жыртып жүрген бір бейшара, жынды адамды көреді де күш сынаспақ болады. Алдымен әлгі жындыға Қыдырдың назары түсіп, жыртқан жерлері кесек алтынға толып кетеді. Шөліркеген жынды алыст а кетіп бара жсатқан керуеннен су сұрап ішпек болады.
The text above is adapted from the Wikipedia article “Бақ-дәулет”, available under the Creative Commons Attribution-ShareAlike 4.0 licence.
baq-däulet is in traditional Kazakh culture, a system of concepts about the material well-being of an individual, a collective, and society, according to the structured record cited below. This entry was generated automatically from that record and has not yet been reviewed by a person familiar with the tradition. 1





